$ 474.72  515.17  5.58

Еліміз ТМД-ның 1995 жылғы мемлекетаралық валюта туралы келісімінен шықты

Бұл туралы заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) 1995 жылғы Мемлекетаралық валюта комитеті туралы келісімнен шықты деп хабарлайды orda.kz

Бұл туралы заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«2013 жылғы 25 қазанда Минскіде жасалған Мемлекетаралық валюталық комитетті құру туралы 1995 жылғы 26 мамырдағы келісімнің қолданылуын тоқтату туралы хаттама бекітілсін» делінген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Құжат күшіне енді.

Комитет валюталық төлем-несие қатынастары саласындағы көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға, көпжақты есеп айырысу-несие қатынастарына әсер ететін валюталық заңнаманы жақындастыруға және жетілдіруге, Қазақстан Республикасының валюталық саясатын үйлестіру нысандары мен әдістерін әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Аталған құжат ТМД қатарына кіретін мемлекеттердің төлем одағын құру, сондай-ақ валюталық бақылау мәселелері бойынша ынтымақтастық және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары