$ 442.05  474.14  4.74

Президент Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Спортшымызды шын жүректен құттықтаймын!», - деп жазды Президент Twitter-де.

Еске салайық, бүгін, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон»  финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен ойнап, жеңіске жетті. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.  
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары