$ 494.87  520.65  4.91

«Көршілеріміздің бәрінде онкология»: Астана тұрғындары кернеуі жоғары бағаналардың кесірінен ауру болып жатыр

"Төбеден өткен тоқ түбімізге жетті" деген олар бүгін әкімдікке келіп, қала басшысы Алтай Көлгіновтің шығуын талап етті.

Астанада бүтін бір көше тұрғындары онкологиялық дертке шалдыққан. 25 жыл бұрын тұрғызылған кернеуі жоғары бағаналардың кесірінен көп адам бақилық болып кетіпті. "Төбеден өткен тоқ түбімізге жетті" деген олар бүгін әкімдікке келіп, қала басшысы Алтай Көлгіновтің шығуын талап етті, деп жазады Aibat жаңалықтар қызметі.
 
Былтыр бір көшеден 28 адам дәл осы дерттен жан тапсырған. Қауіпті аймақтың зардабын көргендердің бірі Оразбаевтар отбасы. 
Жоғары кернеуші тоқ дәл үстінен жүргізілгендіктен 25 жыл бойы тек дәрінің көмегімен жүргендерін жұмысқа мүлдем жарамсыз болып қалғандарын айтады. Дәл осы үйде туып өскен балалар да аурушаң.
“Көршілеріміздің бәрі онкологиялық ауруға шалдыққан. Бір көршіміз мүгедек. Солай туды. Ол үйден де үш адам ауырады. Күттік. Шыдамымыз таусылды. Балаларымыз бұл жерде тұра алмайды. Бәрі ауыра берген соң кетті”, – дейді Раушан Мәдиева.
“Менің үйімде екі, мына көршінің үйінде төрт мүгедек бар. Қай үйге барсаңыз да сол үйде мүгедек бар”, – тұрғынның бірі.
Тұрғындар қауіпті аймақтағы үйлерін тастап кетейін десе, бұл жерден үйді сатып алатындар да жоқ. 1998 жылы қалаға электр желісі жетпегендіктен дәл осы маңнан өткізген. Шенеуніктер бәрі уақытша, кейінірек сіздерді көшіріп аламыз деп ант су да ішкен. Алайда әлі күнге дейін еш нәтиже жоқ.
“Бастапқыда бұның зиян екенін білген жоқпыз. Бұл ауру жиналып шығады екен. Балаларымыз, немерелерімізге таралады. Бұл барып тұрған геноцид. Сәулесоққы жүріп жатыр”, – деді тұрғындар.
Ал әкімдік өкілдері мәселенің қашан шешілетінін нақты айтпай отыр.
“Инфрақұрылымдық даму болады ол жақта. Сондықтан келешекте ол жерге инвесторлар келуге ыңғайлап жасап жатқан жағдайы бар. Электр желілері жердің астына кетеді”, – дейді Байқоңыр ауданы инфрақұрылым басшысы Тоқтар Хасенов.
Тұрғындар электр желілілерін жердің астынан өткізу ағзаға одан ары зиян болады деп алаңдайды. Сондықтан бізді көшірсін, алдымызға әкім Алтай Көлгіновтың өзі шықсын деп отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары