13.07.2022, 03:00

«Жас Отан» жастар қанатының атауы өзгертілді

Фото: ашық дереккөз
ЕУРО-2022-нің үздік шабуылшысы атанған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов партияның жастар қанатының атауын өзгертуді ұсынды.

“Жас Отан” жастар қанатының атауы “Жастар Рухы” деп өзгертілді. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінде белгілі болды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы.

ЕУРО-2022-нің үздік шабуылшысы атанған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов партияның жастар қанатының атауын өзгертуді ұсынды.

«Жаңа Қазақстанды өз Отанын сүйетін, білімді, парасатты, дарынды, рухты жастар құратыны сөзсіз. Сондықтан бүгінгі делегаттарға партияның жастар қанатының атауын «Жастар Рухы» деп өзгертсек деген ұсынысым бар», – деді Біржан Оразов.

Бұл шешімді іс-шараның барлық қатысушылары қолдады. Енді "AMANAT" партиясының жастар қанаты “Жастар Рухы” деп аталады.

Тегтер: «Жас Отан» ЖҚ