Антикордың мәліметінше, Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен қолға түскен.
"Биыл 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады", - делінген хабарламада.
Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.