$ 494.87  520.65  4.91

Мәсімовтің қалай ұсталғаны белгілі болды

Ол әуелі өзін жалған атпен таныстырған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің қалай ұсталғанын айтты.

Хабарланғандай, Ресей Федерациясы арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс бөлігінде бақылау-өткізу бекеттерінен тыс жерде оны заңсыз кесіп өтпек болған Қазақстан мен Ресей азаматтарының бір тобы ұсталды.

"Олардың ішінде іздеуде жүрген Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің аты-жөні анықталды, ол әуелі өзін жалған атпен таныстырды. Қолданыстағы келісімдер аясында 13 шілдеде Мәсімов ресейлік тараппен ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды, содан кейін қажетті сүзгілеу және жауап алу шаралары жүргізілгеннен кейін құзыретіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құзырына ауыстырылды", - деді ҰҚК.

Еске салсақ, осыған дейін Нұрлан Мәсімовтың Ресей шекарасында ұсталғаны туралы мәлімдеген едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары