Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
"Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті", - деді Президент.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізетінін айтқан болатын. Бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, инфляция мен инвестиция мәселелері қаралады.