Журналист Махамбет Әбжанға арыз жазып, 50 млн теңге бопсалады деп айыптаған отандық кәсіпкер Рашит Махат порталымызға сұхбат берді, деп жазады Orda.kz.
Рашит Махат – KCell АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі, БАҚ беттерінде Қайрат Сатыбалдының «оң қолы» және онсыз Сатыбалды бірде-бір шешімді қабылдамаған деп сипатталады.Сұхбат барысында Гүлнар Бажкенова спикермен сұрақ-жауап алмаса отырып журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты толық ақпаратты алуға тырысты, десе де Рашит Махат көп дүниені ашып айтпағандай болды.
Әңгіменің басы бірден Махамбет Әбжанның ісінен басталды, Рашит Махатқа «Қазақстанда қандай ақпарат үшін 50 млн теңге бопсалауға болады» деген сұрақ қойылды.
– Бұл жерде қарапайым бопсалау болды. БАҚ-қа қолы жетімді адамның менің тарапыма және серіктестеріме қатысты жалған ақпаратты жариялауды тоқтату үшін осынша ақша сұраған, жағдай солай болды, – дейді Рашит Махат.
"Сонда сіздің нұсқаңыз бойынша құны 50 млн теңгеге татитын, жасырып қалатын ақпарат болған жоқ, ақша тек сіз туралы жазбау үшін сұралды ғой?" – деп нақтылады сұхбаттасушы.
– Иә, әрине. Өйткені оның жазғандары менің беделіме, компанияға, халықаралық компанияға зиянын тигізді және жазбалардың барлығы көпе-көрінеу ақпарат еді, – деді ол.
Г. Бажкенов: Махамбет Әбжанмен бейбіт келісім жасауға мүмкіндік бар ма? Р. Махат: Сіз оны (Махамбетті – ред.) журналист деп санайсыз ба, әлде блогер ма? Г: Блогерлер бопсалаумен айналыса алмайды емес пе?! Р: Мен журналистік қызмет фактчекингпен байланысты деп ойлаймын. Ол жазған дүниелер, біржақты жазылған нұсқалар тексерілу керек еді ғой.Сұхбат соңында кәсіпкерден Махамбет Әбжанның ісін бейбіт түрде шешу туралы сұраққа Рашит Махат нақты жауап бермеді.
– Мен дін жолындағы адам болғандықтан егер адам істеген ісіне өкініп, алдағы уақытта басқа адамдарға да қатысты мұндай жағдай қайталанбайды десе кешірмей тұра алмаймын. Мен мұндай жағдайға тап болған жалғыз адам емеспін. Бұл менің емес, соттың қолындағы дүние.