$ 494.87  520.65  4.91

«Зинаға итермелейді»: қоғам белсендісі «Менің атым Қожа» бастаған кейбір киноларды экраннан алып тастауды ұсынды

Тек идеал түсірілген «Балалық шағымның аспаны» ғана, сол қалсын. Жетеді.

Гей-фильмді алып тастағаны дұрыс десек, балалардың психикасына әсер ететін келесі киноларды да жояйық. Прям орталық алаңда өртейік.

Ары қарай тізім бойынша:

1. «Менің атым Қожа». Қожаның мамасына мотоцикл мінген бір еркек подкат жасайды постоянно.

2. «Алдар көсе». Байдың кәмелетке толмаған қызына алдап үйленеді.

3. «Махаббат станциясы». Ашық эротика.

4. «Менің сүйікті дәрігерім». 70 жастағы шал әуретін ашып бассейнге түседі.

5. «Тақиялы періште». Сатушы әйел алкоголь көмегімен зинаға итермелейді.

6. «Транссібір экспресс». Кәмелетке толмаған қыз ғашық болып пойыздың артынан шабады.

7. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфильмі. Әйел омырауын жалаңаштап бала емізіп отырады.

8. «Ақсақ құлан» мультфильмі. Хан зорлық-зомбылық насихаттайды.

9. «Сұлтан Бейбарыс». Сұлтан көп әйел алуды насихаттайды.

Қарасаң әр фильмнен бір кемшілік табуға болады және бәрі өртеуге сұранып тұр. Тек идеал түсірілген «Балалық шағымның аспаны» ғана, сол қалсын. Жетеді.

Алмас Тоқабаевтың facebook парақшасынан
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары