$ 443.85  474.3  4.8

«Арыстанбек Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлыққа қатысы жоқ» – Айдар Қырықбай

Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлеген. Ал бұл жұмыстардың нақты құны 83,4 млн теңгені құрайды.

2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасынан бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл кезде Ұлттық музейдің басшылығында болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.

Достар, мен әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ өкілдері таратқан ақпарат жалған екенін мәлімдеймін. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2017-2018 жылдары музей директоры болмаған.Айдар Қырықбай

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісіне сәйкес, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруда.

Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлеген. Ал бұл жұмыстардың нақты құны 83,4 млн теңгені құрайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары