$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы шекараға қатысты дауға пікір білдірді

Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір атыс тек қатысқан елдерге ғана емес, бүкіл аймаққа ауыр тиеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің шекарасын делимитациялау мәселесін шешуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев мемлекет көшбасшылары өңірдегі тұрақсыздықдың әлі де сақталып отырған факторларын барынша жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек екенін айтты.

"Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір атыс тек қатысқан елдерге ғана емес, бүкіл аймаққа ауыр тиеді. Керісінше, қазіргі дағдарыс жағдайында біздің мемлекеттеріміз қарама-қайшылықтарды өркениетті, жауапты еңсерудің үлгісін көрсетуге тиіс", - деді ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуінде.

Қазақстан Президенті шекараны заңды түрде рәсімдеу процесі өте күрделі әрі қиын екенін айтты.

"Даулы мәселелерді шынайы тату көршілік және халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарын құрметтеу арқылы тек бейбіт жолмен шешуге болады. Басқа балама жоқ. Бұл кешенді кешеуілдету немесе елемеу шиеленіске әкеліп, сайып келгенде, Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі барлық күш-жігерді жоққа шығаруы мүмкін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан өзінің шекарасын толық делимитациялауды жүзеге асырған посткеңестік елдер арасында жалғыз мемлекет ретінде өзара қолайлы шешімдерді іздеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

"Атап айтқанда, шекараны делимитациялаудың өзара қолайлы тәсілдерін әзірлеу үшін сараптама алаңын құруды ұсынамыз. Бұл жұмысқа тәжірибелі заңгерлер, картографтар, шекарашылар және басқа да мамандар тартылуы керек. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі үйлестіруді өз мойнына ала алады", - деп қорытындылады ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары