Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың інісі – кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы ақпаратқа сәйкес, Боранбаев Мұрат Советаевич 1970 жылы 1 шілдеде дүниеге келген.
Еске салайық, 17 наурызда Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын мәлімдеді. Агенттік квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 8 шілде күні Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі бір айға ұзарды.
Мемлекеттік сатып алу сайтында Мұрат Боранбаевтың 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болғандығы туралы ақпарат бар.
orda.kz