Бүгін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Шолпан-Атада өткен Орталық Азия елдері басшыларының 4-ші консультативтік кездесуінің қорытынды келісіміне қол қойған жоқ, деп хабарлайдыҚырғызстан басшысының баспасөз қызметі.
Душанбе мен Ашхабад барлық ішкі рәсімдер аяқталғаннан кейін ғана Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге қосылады.
Бұл келісім – өңірдегі мемлекеттердің ЕАЭО-сыз және қандай да бір қосымша акторлардың қатысуынсыз жақындасуына себеп болатын құжат.
Орталық Азия елдері даулы мәселелерді осы келісім шеңберінде және тек қана диалог арқылы, қажет болған жағдайда өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін құру арқылы шешуге міндетті болады.
Сонымен қатар келісім жобасында Орталық Азия елдеріне бір-біріне қарсы әскери күш қолдануға тыйым салынатыны туралы жазылған.
Келісім белгісіз мерзімге созылады. Кез келген ел одан жазбаша хабарлама тапсырып шыға алады. Құжаттың депозитарийі – Қазақстан.