Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ыстықкөлдегі «Рух Ордо» мәдени орталығынан алынып тасталды.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ыстықкөлдегі «Рух Ордо» сарайынан алынды. Ескерткіш көлге жақын жерде – аркалардың оң жағында орналасқан. Ол 2005 жылы 65 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған. Ол енді Рух-Ордоның жаңа фотоларында ескерткіш жоқ. Ескерткіш бір жылдан астам уақыт бұрын алынып тасталғанға ұқсайды, өйткені былтыр демалушылар түсірген видеода ол болмаған» делінген KaktusMedia хабарламасында.
Қырғызстан президентінің әкімшілігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме бермеген.