Көкшетауда нөсер салдарынан жүзге жуық тұрғын үйді су басты. Қазіргі уақытта қалада коммуналдық және құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.
Су жеке тұрғын үйлердің аулалар мен ішіне, сондай-ақ көп қабаттың үйдердің жертөлесіне де кірген. Қатты нөсер 30 шілдеде кешкі сағат алтыдан кейін басталып, түнімен жауды.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 шақты үйді су басқан. Алайда IKomek қызметіне 60-тан астам хабарлама келіп түсті. Көмек сұраған тұрғындар үйге кірген судың тізеге жеткенін айтқан. Олардың айтуынша, үйдегі тұрмыстық техника мен жиһаз зардап шекті.