$ 494.87  520.65  4.91

Пелосидің Тайваньға сапарын бүкіл әлемнен 2,92 миллион адам бақылаған

Бұл Flightradar24 тарихындағы ең көп бақыланған тікелей рейс болды.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға ұшқан ұшағын әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2,92 миллион адам тамашалады. Бұл туралы Flightradar24 - әуе кемелерінің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін сервис хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мінген SPAR19 рейсі Куала-Лумпурдан ұшып шыққаннан бастап Flightradar24-те белсенді рейстер ішінде ең көп қадағаланған рейс болды.

Тайбэйге қонған кезде SPAR19-ды бүкіл әлем бойынша 708 000-нан аса адам бақылап отырған, бұл Flightradar24 тарихындағы ең көп бақыланған тікелей рейс болды. Куала-Лумпурдан Тайбэйге дейінгі жеті сағат ішінде рейсті 2,92 миллион адам бақылаған.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары