$ 494.87  520.65  4.91

Қытай Пелосидің Тайваньға сапарына қатаң жауап беруге дайын екенін растады

Бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі шиеленістің күшеюіне байланысты АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасаған болатын.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келсе, Қытай барынша қатаң шараларды қабылдауға ниетті. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Хуа Чуньин айтты.

Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Хуа Чуньин АҚШ палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға жоспарланған сапарына байланысты Қытайдың АҚШ-пен байланыста екенін айтты. Ол АҚШ "тұтас Қытай қағидасын" қатаң сақтауы керек деп қосты.

"Қытайдың бірнеше ескертуін елемеген америкалық тараптың ойланбаған әрекеттеріне қарсы біздің тараптан қандай шаралар қолданса да, олар заңды әрі қажет", - деді Хуа Чуньин Бейжіңдегі баспасөз мәслихатында.

Хуа Чуньин АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Пелоси Тайваньға бару-бармауын өзі қабылдайды деген мәлімдемесіне де жауап берді.

"Сіздерге АҚШ Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікке тартылып, оның құнын төлейтінін айта аламын", - деді Қытай шенеунігі.

Еске салайық, Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатысты әзірге ресми мәлімдемелер болған жоқ, бірақ шетелдік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, ол аралға 2 тамызда кешке баруы керек деп жазады. Сондай-ақ, 3 тамызда Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен кездесуі керек екені хабарланды.

Бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі шиеленістің күшеюіне байланысты АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасаған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары