$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев университетінің атауы өзгере ме? Министрлік мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде келесі жылдан бастап Назарбаев университеті "Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті" деп аталатыны айтылған.

Stopfake.kz сайты әлеуметтік желілерде тарап жүрген Назарбаев университетінің атауын өзгерту туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде келесі жылдан бастап Назарбаев университеті "Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті" деп аталатыны айтылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Бұл — фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деп хабарлады ведомстводан.

"Хабарламада "әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби" туралы да айтылған. Шын мәнінде университетте мұндай қызметкер жоқ. Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады. 2023 жылы "Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының" ашылғаны туралы да ресми ақпарат болған жоқ", — делінген Stopfake.kz сайтында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары