Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Ербол Еділов өзініің телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ербол Еділов өзінің арнасында Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевтың қамалғаны туралы жазды. Оның сөзінше, антикор басқарма басшысын жемқорлыққа қарсы күдік бойынша ұстаған.
"Қазір бұл ақпарат нақтыланып жатыр. Кейбір дереккөздердердің хабарлауынша, басқармаға қарасты мекемелерден бірқатар адамдарға еңбекақы төленген. Алайда олар іс жүзінде жұмыс істемеген", - делінген жазбада.
Ал Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі Қанат Жұмабаевқа қатысты ресми ақпарат берген жоқ. Антикор да Қанат Жұмабаевқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.