$ 494.87  520.65  4.91

Үкіметке жаңа құзырет берілетін болды

Қазір құжат Үкіметтің қарауында жатыр.

Енді Үкімет заңды күші бар актілерді қабылдай алады. Бірақ мұндай құзірет тек дағдарыс жағдайында уақытша берілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мемлекеттік аппараттың қызметін түрлі кедергілерден арылтып, кез келген салаға қатысты шешімдерді дер кезінде қабылдауға мүмкіндік тудырады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде Әділет министрі Қанат Мусин қолданыстағы заңнаманы жаңартылған Ата заңға сәйкес келтіру мақсатында 5 заң жобасы әзірленгенін айтты. Осылайша, Президент, Парламент, Үкімет, сайлау, сот жүйесіне қатысты конституциялық заңдарға түзетулер енгізіледі. Қазір құжат Үкіметтің қарауында жатыр. Жаңа заң жобаларын биыл жыл соңына дейін  қабылдау жоспарланған.  

"Үкімет дағдарыс жағдайы болғанда өзінің қаулысын шығара алады. Мысалы, ауылшаруашылығы болсын. Жаңағы субсидия беру тәртібін өзгерту керек. Тағы басқа заңмен қойылған шектеулерді түзету керек болса. Уақыт тығыз дағдарыс жағдайы болып жатқан кезде Үкімет өз қаулысымен соны өзгертуі мүмкін. Бірақ сол қаулымен бірге сол заң жобасын дайындайды да Парламентке жібереді. Парламент оны қарағанша, жаңағы Үкіметтің шығарған қаулысы күшінде болады", - дейді  Әділет министрі Қанат Мусин. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары