Бас қаланың оң жағалауы сондай әсем болып кетті, көңіл қуантады. Әсіресе, жаяу жүргіншілер мен демалушыларға арналған алаңдары әдемі-ақ.
Тек, Көлгінов мырзаның "Көгалды қуып гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алғаны" ұнамайды, яғни, шаһарда көлікпен жүру мүмкін емес, ана жерде қоршау, мына жерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаз бойы не бітірген сонда?
Ертең мектепке, балабақшаға балаларды тасу басталады, сонда не істемекші олар?!
Қоғам белсендісі Амандық Әмірхамзиннің facebook парақшасынан