Түркістан облысының әкімі Шөкеев отставкаға өтініш берді. Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, отставкаға кету туралы өтінішті 24 тамыз күні жазған.
13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Бұған дейін яғни маусым айында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифингте Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кетуге өтініш беретінін мәлімдеген болатын.
Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.