Қазақтың жерінің кеңдігінің пайдасын көріп жатқан қазақ бұқарасы жоқ. Ертең елге, жерге қауіп төнсе (құдай бетін аулақ қылсын), осы жері жоқ қазақ жерді мыңдаған гектарлап алған латифундияның жері үшін қолына найза ұстайды.
Кейбір немқұрайлы пенделер айтады, қазақтың жерін басқа біреулер алып қойған жоқ, қазақтың өзінде ғой деп ақталады.
Ең қауіптісі - осы жерді иеленіп, халыққа бұйыртпай, аяусыз қанап отырғандар екен. Латифундияға немқұрайлы қарамаңыздар. Бұлар сөзсіз жеріңді де, еліңді де сатады. Бұлар қазақ емес, бұлар саудагерлер.
Шынын айтайын, Қазақстанның жері әлем бойынша 9-шы орында екен деп мен өз басым мақтана алмаймын. Реалды өмірде қазақтың өз жері жоқ, үй салуға да жері жоқ, далақтап 2 миллион 724 мың шаршы шақырым территорияда қаңғып жүр.
Қазақ жері болса ғана кәсіп жасайды.
Қазақ жері болса ғана үй салады.
Қазақ жері болса ғана бай болады.
Жерсіз қазақ - ештеңесі жоқ қазақ.
Қош, фейсбук оқырмандары!
Біз енді үлкен командамен жаңа жұмысты бастап, келесі басқа округтердегі жердің халыққа қайтуына күшімізді саламыз. Аз да болсын үлесімізді қосайық.
Құдай күш қуат берсін!
Сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет.
Журналист Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан