$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанға келген ресейліктер жергілікті кәсіпкерлердің нанын тартып ала бастады» - журналист

Еуропаның кейбір елдері орыстарды еліне кіргізбеудің қамын жасап жатыр. Ал бізде ЖСН (ИНН) беріп, олардың осында емін-еркін жұмыс істеп, бизнес жасауына барлық мүмкіндік бар.

Украинадағы соғыс тұсында Еуропаның кейбір елдері Ресей азаматтарының ешбіріне виза бермеуді, орыстарды еліне кіргізбеудің қамын жасап жатыр. Әсіресе, Ресеймен шектесетін елдер орыстардан қатты қауіптенеді.

Ал бізде қалай? Ресейден қашқандарға шектеу қою былай тұрсын, Қазақстанға келген Ресей азаматтарына ЖСН (ИНН) беріп, олардың осында емін-еркін жұмыс істеп, бизнес жасауына барлық мүмкіндікті жасап жатыр. Басқасын айтпағанда, Қазақстанға келген ресейліктер қазақстандықтардың қолындағы жұмысын алып қойып, нанын тартып алып, жеп қоюды бастап кетті. Соғыс басталғалы бергі алғашқы үш айда (науырыз, сәуір, мамыр) 570 мың ресейлік Қазақстанға қоныс аударыпты... Яғни, олардың саны қазір милллионға жақындап қалды...

Сонда дим дә, ресейліктерді еліне кіргізбеудің амалын жасап жатқан Еуропа елдері ақымақ па, әлде қашқан-пысқанды құшақ жайып күтіп алып жатқан Қазақстан ақымақ па?

Журналист Ораз Әлімбековтың facebook парақшасынан

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары