«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.
Бірлескен отырысқа Мәжілістің 107 депутатының 100-і және Сенаттың 55 депутатының 50-і қатысып отыр.
Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
«Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар», - деді Мемлекет басшысы.