Саясат 01.09.2022 сағат 11:21

Мемлекет басшысы: «Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады»

Бұл – өте өзекті мәселе.
Мемлекет басшысы: «Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз. Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс», деді ҚР Президенті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар