$ 494.87  520.65  4.91

Президент елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды

Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қазақстанға заңсыз кіргізілген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шешім жасауды тапсырды.

Президенттің айтуынша, елген автокөлікті заңсыз кіргізетін арналарды жабу үшін тиісті шараларды қабылдау керек.

«Сонымен қатар, биылғы 1 қыркүйекке дейін кіргізілген осындай автокөліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

"Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.

Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын.

Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік "рәсімнен" өткен автокөліктерге қатысты болуы керек", - деді Президент.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары