мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысына сәйкес Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкция берілді, делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, судьяны ҰҚК департаменті мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері тамыз айының басында пара алу кезінде ұстаған болатын.