12.09.2022, 02:26

Головкин мен Канелоның айқасын қайдан көруге болады?

Фото: ашық дереккөз
Жекпе-жек 18 қыркүйек күні сағат 08:00-де басталады.

Қазақстан кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің айқасы Қазақстан уақыты бойынша 18 қыркүйек күні таңертең өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жекпе-жек Лас-Вегаста ұйымдастырылады.

Sports.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, жекпе-жекті «Qazsport» арнасы көрсетеді. Жалпы бокс кеші сағат таңғы бесте бастадады. Басты жекпе-жек 08:00-де басталады.