$ 488.45  529.19  5.04

Қоғам белсенділері Қытай қазақтарына араша сұрап президент пен парламентке хат тапсырды

Іле Қазақ автономиялық округінің орталығы Құлжа қаласынан бастап барлық аудандарда халық карантин салдарынан ешқайда шыға алмай, үйлерінде қамалған. Осының салдарынан ондағы жұрт аштыққа ұшырап, дұрыс ем қабылдай алмай жатыр.

Қоғам белсенділері Президент әкімшілігі мен парламент кеңсесіне Қытай қазақтарының әлеуметтік ахуалына көңіл бөлуді сұрап тағы да хат тапсырды. Аталмыш хатта белсенділер Қытай үкіметінің  коронавирус және карантин деген желеулетіп Шыңжаң аймағындағы Іле Қазақ автономиялық округінде қыспақтаулар жүріп жатқаны айтылған. 

Азаттықтың жазуынша, Қытай қазақтарының тағдырына алаңдаушылық білдірген хатқа  Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбек сияқты ақын-жазушылармен қоса Рысбек Сәрсенбайұлы, Сейдахмет Құттықадам сияқты саясаткерлер мен қоғам белсенділері қол қойған.

"Жеткен деректерге қарағанда, Іле Қазақ автономиялық округінің орталығы Құлжа қаласынан бастап барлық аудандарда барлық сауда орындарында екі айдан бері азық-түлік таусылған, жұмыс орындары жұмыстарын тоқтатып, карантинде халық ешқайда шыға алмай, үйлерінде қамалған" делінген хатта. Авторлардың жазуынша, соңғы кездері ондағы жұрт аштыққа ұшырап, дұрыс ем қабылдай алмай жатыр деген ақпарат Қытайдың WeChat әлеуметтік желісінде көп таралып жатыр.

"2020 жылдың басында Қытайда тараған Covid індетіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасы жабылып, содан бері Қытайдағы қандастарымыз Қазақстанға келе алмай қалды. Қазақстан үкіметі жақында Қытай азаматтарына 14 күнге визасыз кіруге рұқсат бергенімен, Қытай үкіметі ол жақтағы қазақтарды Қазақстанға жібермей отыр" делінген хатта. Авторлар Қазақстан президентінен Қытай төрағасымен кездесуде осы мәселені көтеруді сұрайды.

Олар Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Нұр-Сұлтанға сапары қарсаңында Шыңжаңдағы қазақтар мәселесіне көпшіліктің назарын аударуды қалайды», делінген дерек көзінде. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қытай #Қазақ