15.09.2022, 20:01

Президент Самарқанд қаласына барды

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.