$ 444.32  473.33  4.76

Қаңтар оқиғасы: Рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі қашан жарияланады?

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға бір реттік рақымшылық жасау бастамасын көтерген болатын.

Әділет министрі Қанат Мусин бір реттік рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі Парламент заң қабылдағаннан кейін белгілі болатынын мәлімдеді. Депутаттар құжатта бұл құқықты кімдер пайдаланатынын нақты көрсетеді, деп хабарлайды Astana арнасы.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға бір реттік рақымшылық жасау бастамасын көтерген болатын.

“Тізім әлі жоқ. Рақымшылық туралы заңды Парламент қабылдайды. Қандай қылмыс түріне, кімдерге жеңілдік болатыны құжатта көрсетіледі. Осы заң жарияланып, күшіне енгеннен кейін ғана тұлғалар анықталады”, – деп мәлімдеді Қанат Мусин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары