$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде жаңадан үш партия құрылып жатыр

Болашақ партиялар съезді өткізу және партия активін қалыптастыру сатысында.

Елімізде жаңадан үш партия тіркеліп жатыр. Одан бөлек, 13 партияны тіркеу өтініші қаралу үстінде. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.

Оның айтуынша, болашақ партиялар съезді өткізу және партия активін қалыптастыру сатысында.

«Қолданыстағы заңға сәйкес, партияны тіркеу үшін оның құрамында кемінде 20 мың партия мүшесі болуы керек. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде кемінде 600 партия мүшесі болуы тиіс», – деді Қ. Мусин.

Осы уақытқа дейін «Халық дербестігі» партиясы съез өткізіп, өз мүшелерінің тізімін ұсынған. Одан бөлек «Намыс» және «Байтақ» партиясы съез өткізу сатысында тұр екен.
Мусиннің айтуынша, тіркелуге ниетті басқа да партиялар бар. Бірақ олар тіркелу рәсімінен өтпеген. Себебі құжаттары заң талаптарына сәйкес келмеген.

«Жалпы 2019 жылдан бастап 18 саяси партия ретінде тіркеуді сұраған хабар келіп түсті. Тек 2019 жылдың өзінде 5 партия өтініш берді. Бірақ бүгінде олардың өтініші күшін жоғалтты. Енді 13 партия бар, оның 3-і туралы жоғарыда айтып өттім. Қалған партиялар бойынша ұйымдастыру процесі жүріп жатыр», – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары