22.09.2022, 22:32

Тоқаев қазақ футболшыларын бүгінгі жарқын жеңісімен құттықтады

Бұл – отандық футболдың зор жетістігі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.