$ 494.87  520.65  4.91

«Мобилизацияға ең алдымен орыс еместерді алып жатыр» - журналист

Ертең Ресей құрып кеткен күннің өзінде де, жаңағы республикаларда бас көтеретін еркек кіндік қалмайды.

Қашып кеп жатқандардың алдынан тамағын алып шығып, квартирасын беріп жатқан даңғойлар, ойланыңдар! Ертең мұны көргеннен кейін тағы топырлап келеді олар бізге. Ресейдің әр республикасында басшылықта өңкей орыстар отыр. Шетінен шовинист. Солар соғысқа қазақты, бурятты, татарды, башқұртты салып, бас көтеретіндерін біртіндеп құртып жатыр.

Бір танысымның Мәскеуде тұратын таныс орысы бар екен. Кезінде Қазақстаннан көшіп барған ғой. Соған звандап, «Астанада бос тұрған квартираң бар ғой, келмейсің бе осында?» деп сұрапты. Сөйтсе, «Бізде бәрі тып-тыныш. Мобилизацияға ең алдымен орыс еместерді алып жатыр» деп жайбарақат жүр дейді. Бұлар сұмдық шовинист халық қой. Ертең Ресей құрып кеткен күннің өзінде де, жаңағы республикаларда бас көтеретін еркек кіндік қалмайды. Ал біз өз қазағымызды қуып шығып, пәтерімізді соларға беріп зыр жүгіріп жүрміз. Олар босқын емес, қашқындар. Олар соғысудан қашқанымен, соғысты қолдағандар кезінде. С

оғысқа басқа ұлттарды салып қойып, өздері мұнда қашып кеп жатыр. Қайда жақсы тамақ, жайлы жер болса, бұлар сонда жүреді. Қазір бүкіл Дағыстан осы мобилизацияға қарсы шығып жатыр.

Солар секілді бас көтерсе қолдайтын едік қой Ресейдегі қазағымызды. Дағыстандықтарға риза болдым. Ана буряттарың тіпті өз елінде азшылыққа айналған ұлт. 12-15 пайыздай ғана ғой деймін. Бұлардың бәрі қалың орыстың ортасында отырып құрып барады. Сондықтан, ағайындар, не істесеңіздер де ойланып істеңіздерші!

Журналист Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан     
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары