$ 494.87  520.65  4.91

«Еліміздің ақпарат кеңістіктігінде қауесеттер мен жалған ақпараттар көбейіп тұр» - Мәжіліс депутаты

Осындай алмағайып заманда біз тексерілмеген ақпараттан, әсіресе түсініксіз дереккөздерден эмоцияларға беріліп жазылған жазбаларды оқып, асығыс тұжырымдар жасап, оларды көпшілікке таратпауға, асығыс шешімдер мен әрекеттер жасамағанымыз абзал.

Ақиқат ақпарат - әділдіктің бастауы

Ақпараттық кеңістіктің ұлғаюы ашықтыққа, жариялыққа жол ашатыны белгілі. Дегенмен шынайы, әділ ақпаратпен қатар, өкінішке орай, дәлелсіз, дәйексіз ақпараттың қатар жүруі көңілге селкеу, санаға бөтен ой салатыны белгілі. 

Соңғы кездері еліміздің ақпарат кеңістіктігінде қауесеттер мен жалған ақпарат ағыны бұрынғыдан да артып келеді. Әлем кеңдігі ақпараттың алуандығымен де өлшенеді. Бүгінде қоғамда жанжал, үрей тудыру, жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген қауесеттер мен жалған сөздер жиі таралып жатыр. Осындай алмағайып заманда біз тексерілмеген ақпараттан, әсіресе түсініксіз дереккөздерден эмоцияларға беріліп жазылған жазбаларды оқып, асығыс тұжырымдар жасап, оларды көпшілікке таратпауға, асығыс шешімдер мен әрекеттер жасамағанымыз абзал.

ҚР Бас Прокуратурасының хабарлауынша фейктік мәліметтер қоғамдық жалған пікірді қалыптастырып ғана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі әбден мүмкін.
Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпараттың шынайылығын, оның шындыққа жанасуын зерделегеніміз жөн. Өйткені ақпаратты жариялаған адам да, оны таратқан адам да тек қана заң алдында емес, қоғамның алдында да жауапты екенін ұмытпаған жөн. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар шынайы және жалған ақпараттың ара жігін, ақпараттық жауапкершілікті саналы түрде қабылдайды, себебі ақпаратқа ие адам — әлемге ие. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары