$ 494.87  520.65  4.91

Путин Запорожье мен Херсон облыстарының тәуелсіздігін мойындады

Құжаттар құқықтық ресми интернет-порталында жарияланды.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Запорожье мен Херсон облыстарын тәуелсіз деп тану туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі жазды. Құжаттар құқықтық ресми интернет-порталында жарияланды. Яғни, бұл заңның күшіне енгенін көрсетеді.

"Халықаралық құқықтың жалпылай қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтары мен өзін-өзі билеу қағидасын растай отырып, мен 2022 жылы 27 қыркүйекте өткен референдумдағы Херсон облысы халқының еркін ескеріп, Запорожье және Херсон облысының тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдадым", — делінген құжатта.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары