$ 447.4  477.55  4.76

Әлихан Смайыловтың командасындағы 19 министрдің екеуі қазақ тілін білмейді

Зерттеу нәтижесіне сәйкес екі ведомство басшылары қазақ тілін меңгермеген.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бүгінгі таңда 19 министрлік бар. Ranking.kz компаниясы қазақ тілін меңгеру бойынша рейтинг дайындаған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес екі ведомство басшылары қазақ тілін меңгермеген, деп хабарлайды Stan.kz.

Тіл меңгеру бойынша ғылым және жоғарғы білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тіл біледі: қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын.

Екінші орынды сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен мен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бөлісті. Олар бес тілден біледі екен.

Үздік үштікте ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бар. Олар төрт тілден меңгерген.

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова төрт тілді білгенімен, қазақ тілін меңгермеген. Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де қазақ тілін білмейді.

19 министрдің 12-сі ағылшын тілін меңгерген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары