$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚШҰ. Қазақстан Ресей-Украина мәселесіне араласпайды

Егер Украина ДХР және ЛХР аумағын қайтаруға талпыныс жасаса, Қазақстан ҰҚШҰ мүшесі ретінде Ресейге көмек көрсете ме?

Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы саяси шиеленіске араласпайды. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БАҚ өкілдеріне арналған кездесуде министрлік өкіліне: Егер Украина ДХР және ЛХР аумағын қайтаруға талпыныс жасаса, Қазақстан ҰҚШҰ мүшесі ретінде Ресейге көмек көрсете ме?

Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және халықаралық құқықпен БҰҰ жарғысына сәйкес,  бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанады. Тұтастай алғанда, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген. Және де  Ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шегінде қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына қатысу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, - деді  Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары