Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлдары Ахмад, Эли және Адам Ресей Федерациясының Украинадағы «арнайы операция» аймағына баруға дайын. Бұл туралы олардың әкесі өзінің Telegram арнасында айтты.
«Ахмат, Эли және Адам өз дағдыларын АӘО аймағында қолдануға дайын. Сөзімді әзіл деп қабылдамаңыздар. Өзін нақты жекпе-жекте көрсететін уақыт келді және мен олардың ұмтылысын тек қоштаймын. Жақында олар майдан шебіне аттанады және байланыс желісінің ең қиын бөліктерінде болады», - деп жазды Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы ұлдарының жастайынан әскери дайындықтан өткенін айтты. Теориялық негіздерден басқа, олар әртүрлі қаруды қалай ұстау керектігін, оны кез келген қашықтықта қолдануды үйренеді.
«Мен үнемі кез-келген әкенің басты мақсаты - ұлдарға Құдайдан қорқуды дәріптеу мен өзінің отбасын, халықты, Отанды қорғауға үйрету деп сенемін. Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал!»- деді Р.Қадыров.