$ 444.32  473.33  4.76

«Ел заңын аяқ асты еткен»: елші Ермек Көшербаев Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Оған мұндай жағдайға мүлде жол берілмеуі керектігі ескертілді.

Ресей дипломатиялық ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің айналасындағы мәселенің шешім таппағанына байланысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Захарованың айтуынша, Украина елшісі ұлтаралық келісімді бұзуға қатысты жауапкершілік қарастыратын ел заңын аяқ асты еткен.

Ол 21 тамызда қазақстандық блогерге берген сұқбатында айтқан сөзі үшін дипломатты ресейлік тарап дереу елден кетіруді талап еткенін еске салды.

"Бұған жауап берілді, ең қысқа уақытта Петр Врублевский Қазақстаннан кетеді әрі кері оралмайды деп уәде етілді. (...) Бірақ бұл кейіпкеріміз Қазақстан астанасында қайта пайда болған, онда да "заттарын жинастырып, отбасын алып кетуге" келмегені көрініп тұр. Еш тайсалмастан, дипломатиялық қабылдауларға дипломатиялық миссияның басшысы ретінде қатысады. Жоғарыда аталған мән-жайларға байланысты 4 қазанда Ресей СІМ-іне Қазақстан Республикасының елшісі Ермек Көшербаев шақырылды, оған мұндай жағдайға мүлде жол берілмеуі керектігі ескертілді", деді  Мария Захарова

Сондай-ақ, ол қазақстандық тарап ұлттық алауыздықты қоздыру туралы бапқа сүйене отырып, дипломатты елден "түпкілікті шығару" түрінде шара қолданатындығына үміт білдірді.

23 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде министр орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Украинаның ҚР-дағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті. Кездесу барысында елшіге 21 тамызда оның қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатындағы сөздеріне байланысты наразылық білдірілді.

Қазақстандық тарап мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне мүлде сәйкес келмейтіндігі, мұндайға жол берілмеу керектігі жөнінде ұстанымда екенін жеткізді. Мұндай әрекеттер мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуі тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Украина елшісінің сөздерін айыптады.

5 қыркүйекте Врублевский өз сөзі үшін кешірім сұрап, мұның "эмоцияға берілуі салдарынан" орын алғанын түсіндірді.

8 қыркүйекте дипломаттың Қазақстаннан кеткені белгілі болды. Алайда, ҚР СІМ ел билігі оған елден кету түрінде талап қоймағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары