$ 446.49  475.38  4.79

Президент сайлауына әйел кандидат ұсынылды

Әбден Қарақат Жақсылыққызы – 4 баланың анасы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

Бүгін кәсіби қызметкерлер мектебінің ғимаратында “Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және ілгерілету, сондай-ақ республикалық деңгейде азаматтардың осал топтарының мәселелерін жеткізу және мүдделерін қорғау мақсатында Әбден Қарақат Жақсылыққызы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Әбден Қарақат Жақсылыққызы – 4 баланың анасы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Ақмола облысының тумасы, 1974 ж.т.

Мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі Салық комитетінің орталық аппаратында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бар. Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты болды.

Сәбилер үйі мен Балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәрбиеленушісінің менторы және тәлімгері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары