Саясат 08.10.2022 сағат 18:20

Қорғаныс министрлігі: Ресей мен Беларусь әскери күштері Қазақстан аумағынан өтеді

Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша темір жол көлігімен және әскери техникамен өтеді.
Қорғаныс министрлігі: Ресей мен Беларусь әскери күштері Қазақстан аумағынан өтеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандағы оқу-жаттығуға келген Ресей және Беларусь Республикаларының әскери эшелондары 8-15 қазан аралығында өз елдеріне қайтады. ҚР Қорғаныс министрлігі осыған орай халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның қорғаныс ведомствосы биылғы 26 қыркүйек – 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өткенін еске салды.

«Аталған оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, 8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пунктеріне қайтады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша «Қазақстан темір жолы« ҰК» АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады.


Бұдан басқа, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша теміржол көлігімен және әскери техникамен өтеді.

Осыған байланысты азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарға назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», - делінген министрлік мәліметінде.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар