Жоғарғы Сот - Халықтың аузын өздеріне пайдалы заң шығарып жаппақшы!
Әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде соттардың шешімдерін талқылауға болмайды. Ол үшін енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз әбден мүмкін!
Қылмыстық кодекстің 407 бабы арқылы Жоғарғы сот “Соттың қызметіне араласуға болмайды”, деген сылтаумен халықтың үнін өшіргісі келеді! Жаңа Қазақстан - Әділетсіз заңдар шығару арқылы құрылмайды!
Бұл заң қабылданатын болса Соттардың әділетсіз шешім шығарғаны шығарған! Қазір үнсіз қалсаңыз, ертең балаң, туысың, жақының әділетсіз қамалып кетіп жатса алдыма жылап келме!
Елдің болашағы үшін қәзір үніңді қос!
Үнсіз қалмаңыздар, бұл заңның шығарылуына жол бермеу керек! Бұл заңды халық талқысына тастасын! Қазақ тілінде бұл заң жобасы неге жоқ?!
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан