$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды

Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және баспаналарда мен бомба баспаналарында болуға шақырады.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және баспаналарда мен бомба баспаналарында болуға шақырады», - делінген хабарламада.

Елшілік сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары