$ 494.87  520.65  4.91

«Біртанов мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді» - мемлекеттік айыптаушы

Біртанов та, Әбішев те өз кінәсін мойындамай, кінәсіз екендіктерін мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Прокурор бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің мемлекетке келтірген шығыны туралы айтты.

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталды. Енді тараптар пікірталасқа кірісуі керек.

«Біртанов пен Әбішевке «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесуі" платформасындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей-ақ аяқтау, пилоттық пайдалануды енгізу және жұмысы аяқталмаған платформаны қабылдау туралы келісім жасасып, өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Мемлекетке 1 млрд 548 млн 136 мың теңге немесе 4 млн 177 мың доллар көлемінде залал келтірілген», – деді мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Шекенов.

Ол Біртанов пен Әбішевтің әрекеті нәтижесінде мемлекет 4 миллион 660 мың доллар көлемінде банк кепілдігін өндіріп алу құқығынан айырылғанын мәлімдеді.

«Сонымен қатар Біртановқа 2020 жылдың маусым айында іс сапарда болған кезінде COVID-19 тестінен өтіп, теріс нәтиже алғанына қарамастан, Жамбыл облысының емдеу мекемелеріне медициналық көмекке жүгінбей, Ұлттық жедел медициналық жәрдем орталығының қызметкерлеріне Тараздан Астанаға санитарлық авиация бортында тасымалдауды ұйымдастыру туралы заңсыз нұсқау берген деген айып тағылды. Бұл мемлекетке 5,5 миллион теңге шығын келтірді», – деді Шекенов.

Біртанов та, Әбішев те өз кінәсін мойындамай, кінәсіз екендіктерін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары