Қазақстан президенттігіне тағы бір әйел адам өз кандидаттығын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Орталы сайлау комиссиясының хабарлауынша, танымал құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды.
Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.
Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.