Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанада Владимир Путинмен кездесіп, Мәскеу мен Батыс арасындағы Украинаға қатысты келіссөздерде бітістіруші болуды ұсынбақ. Бұл туралы Түркия басшысының ресми өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ИноСМИ сайтына сілтеме жасап.
"Президент Ердоған Путинмен перспективаны, атысты тоқтатуға қолжеткізуге болатын қадамдарды талқылайды (Украинада)", - деді Калын.
Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде өтуі тиіс. Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Түркия президентімен келіссөз болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.