$ 444.32  473.33  4.76

«Айғақ жоқ»: Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Сондай-ақ, Біртанов келтірілген шығынмен келіспейтінін мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сотта бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Менің ойымша, тергеу барысында, мемлекеттік айыптау платформасында, санитарлық авиацияның эпизодында да қылмысты мен жасағаным туралы айғақ жоқ. Қылмыстың құрамы туралы дерек те ұсынылмаған. Мен айыптауды түсіндіруді сұрадым. Нормативтік-құқықтық базада бекітілгендердің ішінде денсаулық сақтау министрінің өкілеттігінде осы тармақтардың ешқайсысы айыптаумен белгіленбеген", - деді экс-министр.

Елжан Біртанов бұл іс бойынша барлық бұйрықтарға қызметтік міндеттеріне сәйкес қол қойғанын айтты.

"Егер айыптау актісінде бастапқыда тиімді мемлекеттік қызметшінің имиджін құру мақсатында мотив мәлімделген болса, менің жеке қызығушылығым қандай болды деген негіздеме ұсынылмады. Менің түсінуімше, мемлекеттік айыптау іс материалдарында бұл істі дәлелдей алмаған. Яғни, санитарлық авиация жағдайында менің қылмыс жасағаныма ешқандай дәлелдер ұсынылмады. Қылмыстың объективтік жағы, яғни оқиғасы дәлелденбей қол қойғаныма ғана айып тағылды, бітті", - деді Біртанов.

Біртанов Санитарлық авиациямен болған жағдайда басқаларға қауіп төндірмес үшін осындай қадамға барғанын айтты. Ол Астанаға үкіметтік ұшақпен ұшуы керек болғанын, бірақ кейін премьер-министр бастаған үкімет мүшелерімен бірге ұшатын болғандықтан, әріптестеріне ауру жұқтырудан қорқып, оқшаулану мақсатында санитарлық авиацияның бортына қоңырау шалған.

Сондай-ақ, Біртанов келтірілген шығынмен келіспейтінін мәлімдеді.

"Менің ойымша, сотта айтылғандай шығын келтірілген жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары