АУЫЛ мен ҮКІМЕТ арасы тым алшақ. Екі жақ бір-бірін естімейді не көрмейді. Әлде министрлер әдейі солай жасай ма? Өтірікті шындай зудыратқанда өзің сеніп қаласың.
Үш күн бұрын Үкімет алдында Ажар Ғиният есеп берді. Ауыл медицинасының қалай дамып жатқаны жайлы 1 сағат айтты. Жүктіліктің ерте кезеңінде бақылау бәленше пайызға артты, ана мен бала денсаулығына қамқорлық бәленше пайызға жақсарды бла-бла-бла. Тыңдап отырған бір министр я депутат шынында да солай ма деп ойланды ма екен?
Шындығы міне, жүкті әйелдердің жайын біле жүріңіздер!
Абай облысындағы бүкіл Үржар ауданында іштегі баланың қимыл-қозғалысын бақылайтын простой УЗИ жоқ. Жүкті әйелдер салпақтап 600 км. қашықтағы Семейге барады. “12-14 сағат жол жүреміз, таң ата жетеміз. Дірдектеп УЗИ-дің ашылуын күтеміз. Қайтадан сонша сағат жол жүріп қайтамыз. Жолдың түрі анау шұрық-тесік. Осы УЗИ-ға түсеміз деп селкілдеп ауылдағы біраз әйел түсік тастаған” дейді өзі қазір жүктіліктің 20-шы аптасында жүрген Мақаншы ауылының тұрғыны. Көлігі, жағдайы барлар жолдан қашып 800 км жердегі Алматыға тартады екен.
Алысқа бармай-ақ, министрлік парақшасындағы осы пост астындағы комментті оқыңыз.
Медпункт жоқ мектепте отырмыз дейді, өткен аптада ғана біз Қызыл әскер ауылындағы мешітті медпункт қылдық. Халық соған қуанды.
Өтірікті де құрастырып айту керек қой!
Басқа шалғай ауылдағы медицинаның қалай “дамып” жатқанын қазір комменттерден білеміз.
Журналист Гүлмира Әбіқайдың facebook парақшасынан